«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 824 Қаулысы
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 824 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын.
2. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалсын.
3. Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) серіктестік жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін серіктестік атынан құжаттарға қол қоюға, серіктестік органдары құрылғанға дейін қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлғаны сайлауды;
Демо – версия документа