(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫНА ОНЫҢ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ НЕГ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарау кезінде комиссия отырыстарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды комиссия мүшелеріне тарату, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.»;
2) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа