«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығы (күші жойылды)
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11268 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. МСАК-ты учаскелік терапевттер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мейіргерлер:
1) МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымында немесе оның бөлімшелерінде;
2) орны бойынша шығу бойынша, оның ішінде үйдегі стационар жағдайында;
3) медициналық ұйымнан едәуір алыста орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайларды ескере отырып, көлік қолжетімділігі нашар елді мекендердегі жергілікті жерге шыға отырып, жылжымалы медициналық кешендерде, консультативтік-диагностикалық пойыздарда;
4) білім беру ұйымдарында;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып дистанционды көрсетеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа