«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 567 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 567 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
130 «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару» ішкі сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«130 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару»;
мынадай мазмұндағы 139-ерекшелікпен толықтырылсын:
«139 Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
130 «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«130 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару»;
мынадай мазмұндағы 139-ерекшелікпен толықтырылсын:
«139 Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу»;
мынадай мазмұндағы анықтамамен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне ақшалай төлемдер.
Демо – версия документа