Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНА ЛИЦЕНЗИЯ БЕ...

Осы редакция 2018 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 232 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
(2016.18.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау мен қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

 

4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi;

лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 3 (үш) жұмыс күнi;

лицензияның телнұсқасын беру кезiнде - 2 (екi) жұмыс күнi;

Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсету үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку