«Тауарлар мен көлік құралдарының келуі және кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 19 шілдедегі № 777 бұйрығы
«Тауарлар мен көлік құралдарының келуі және кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 19 шілдедегі № 777 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарлар мен көлік құралдарының келуі және кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16535 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 154-бабының 4-тармағына, 225-бабының 7-тармағына, 231-бабының 6, 11-тармақтарына және 429-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 154-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және келу орындарында орналасқан мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тасымалдаушы, кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынғаннан кейін уәкілетті лауазымды тұлға 1 (бір) сағат ішінде келу туралы хабарламаны қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады.»;
Демо – версия документа