«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 82 Қаулысы
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 82 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес басқа да сыныпталатын активтер және ірі дебиторлар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес берілген қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есептің нысаны;»;
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар және олармен жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілікті:
басқа да сыныпталатын активтер туралы мәліметтер бөлігінде - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;
ірі дебиторлар туралы мәліметтер бөлігінде - тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады.
Демо – версия документа