«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1019 Қаулысы (күші жойылды)
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1019 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:
9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғалар аккредиттеу алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) рейтингтік парақ;
3) ұйым жарғысының нотариат растаған көшірмесі, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) соңғы 5 жыл ішіндегі рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Егер субъект қызметінің кезеңі 5 жылдан аспаса, онда қызметінің бүкіл кезеңіндегі растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
10. Жеке тұлғалар аккредиттеу алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Документ утратил силу
Демо – версия документа