«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 25 бұйрығы
«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 25 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
6) осы бұйрыққа 3-3-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
7) осы бұйрыққа 3-5-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның нысаны;
Демо – версия документа