(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫН АКК...
Осы редакция 2017 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.26.02. № 57 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 176 бұйрығына
1-қосымша
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.19.08. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2016.19.08. № 238 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа