«2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 28-VIII Заңы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының
бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу
туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2021 жылғы 16 қыркүйекте Душанбеде жасалған 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 26 қыркүйек
№ 28-VIII ҚРЗ