Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 және «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 82 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 және «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 82 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Магистральдық мұнай құбыры жүйесіне Тұтынушы тапсырған барлық мұнайды сақтауға Өнім беруші жауапты болады. Тасымалдаудың толық бір айлық кезеңінде магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тұрған, Тұтынушының мұнайының бөлінбеген қалдығын сақтау үшін (магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін Тұтынушы берген мұнайды шегере отырып) тарифті есептеу мынадай түрде айқындалатын:

егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болса, онда тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық сақтаудың толық бір айлық кезеңі сақталған көлем болып есептелетін;

егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің аяғындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан аз болса, онда тасымалдаудың толық бір айлық кезеңі тасымалдаудың айлық кезеңінің аяғындағы бөлінбеген қалдық сақталған көлем болып есептелетін жағдайларда.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку