«Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 161-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
«Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 161-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20439 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар Қазақстан Республикасының аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.»;
4-1, 4-2 және 4-3 деген тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспары негізінде жүргізіледі.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа