(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.05.02 № 110 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 110 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласының шетінде орналасқан жалпы ұзақтығы 22 км автомобиль жолдары учаскелері республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін:
1) Р-2 «Астана — Қорғалжын, Қорғалжын қорығына кіреберіспен» автомобиль жолының ұзақтығы 15 км учаскесі;
2) Р-3 «Астана - Рождественка - Энтузиаст - Киевка - Теміртау» автомобиль жолының ұзақтығы 7 км учаскесі.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа