«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 557 бұйрығы
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 557 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-1-тармағымен мынадай мазмұндағы толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, көрсетілетін қызметті берушіге 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті аушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Демо – версия документа