«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 27 бұйрығы
«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 27 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысанын, ұсыну қағидаларын және мерзімін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын айналымы бойынша декларация нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларында:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 118 бұйрығына
1-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Биоотын айналымының теңгерімі» (бұдан әрі - Декларация) биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Демо – версия документа