«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына 4-қосымша) (2016.25.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 671 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 531 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.25.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет):
1) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);
2) жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат, отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат (бұдан әрі - шетелдік рұқсат), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің
іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ утратил силу
Демо – версия документа