2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама (Жоба) (2019 жылғы 28 мамырда)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 28 мамырдағы
№ 325 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың
шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. СЭҚ ТН коды «0408» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0408 | Құстардың қабықсыз жұмыртқалары мен сары уыздары, жас, кептірілген, буға немесе қайнаған суға пісірілген, пішінделген, мұздатылған немесе басқа да тәсілмен консервіленген, қант немесе басқа да тәттілейтін заттар қосылған немесе қосылмаған | 0407 позициядағы құстардың жұмыртқаларын қоспағанда, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау |
».
2. СЭҚ ТН коды «0902» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
0902 | Дәмдік-хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз шай | Рецептура және аралас қоспа жасау бойынша технологиялық операциялардың орындалуы шартымен 0902 позициясының материалдарынан дайындау, алайда пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
».
3. СЭҚ ТН коды «2101 11-ден» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2101 11 00-ден | Еритін кофе | Негізгі технологиялық операциялар: қуыру, ұсату, айырып алу және концентрациялау (немесе кептіру) кешенін орындау шартымен 0901 және 2101 1100 позицияларының материалдарын дайындау. Бұл ретте, дайын өнімдікі сияқты дәл сол позицияның пайдаланылатын материалдарының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
«.
4. СЭҚ ТН коды «2106-дан» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Демо – версия документа