(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕ...
Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы
келiсім
(Астана қ., 2005 ж. 4 шілдеде)
(2006.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.25.08. № 877 Қаулысымен келісім бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі,
2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінiң арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісімге сәйкес,
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (бұдан әрi - Орталық) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы келiсті:
Жалпы ережелер
Тауар - екi мемлекеттің әрқайсысының ұлттық заңнамасына және жасалған халықаралық шарттарға сәйкес сатуға немесе алмастыруға арналған айналымнан алынбаған өнiм;
Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі бөлiмшелер (қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі басқару органдары немесе уәкiлеттi органдар) - қауiпсiздiкті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi қорғау, қылмыстардың және адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекетінің мүдделерiне залал келтiретiн өзге де әрекеттердiң алдын алу және жолын кесу жөніндегі орындаушы және өкiмдiк функцияларды әр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамаларына, халықаралық шарттарға, екi жақты келісімдерге сәйкес жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар;
Жеке тұлғалар (тұлғалар) - Орталық аумағына/аумағынан келетiн және/немесе орын ауыстыратын Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары, үшiншi мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар;
Редакция документа
Демо – версия документа