(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2011.25.03 № 24 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру және банк шоттарын ашу және жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 24 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 22-2-тармақпен толықтырылсын:
«22-2. Егер есептелетін ақша сомасы мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылармен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдермен байланысты болмаған жағдайда, бенефициардың банкі көрсетілген жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аудару үшін жеке тұлға-клиенттің талап етуі бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақша аударуды көздейтін төлем құжатын акцептеуден бас тартады.».
Редакция документа
Демо – версия документа