«Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 14 бұйрығы
«Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 14 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22439 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) биржалық брокер (бұдан әрі – брокер) – өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесінде биржалық тауармен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
2) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауармен өз мүдделері үшін және өз есебінен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
3) биржалық мәмілелер – биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәмілелер;
4) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
Демо – версия документа