«Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 маусымдағы № 908 Жарлығы (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ҚР Президентінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елден заңсыз жолмен шығарылған қаржы қаражатын Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, төраға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, төраға орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа