Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТІҢ ЖӘНЕ БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ...

Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 Қаулысы

(2016.31.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;

2) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;

3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;

4) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;

5) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі;

6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы;

7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;

8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку