(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 31.01.03 Ж. № 20 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 ж. 31 қаңтардағы № 20 қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қолма-қол жасалмайтын төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезiнде төлем құжаттарының түрлерi мен ресiмдеу және пайдалану тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Мыналарға:
1) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.31.12. № 259 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 1155 тiркелген, 2000 жылғы 5-18 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 488, 2002 жылғы 18 қаңтардағы № 2 қаулыларымен бекітілген өзгерістер және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне:
22-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
28-тармақтың екiншi абзацы «және күнiн,»деген сөздерден кейiн «және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде тiкелей көзделсе» деген сөздермен толықтырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа