Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАР ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАНЫ ҚОЛДАНУ ТУ...

Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 8 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын соттардың біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Акционерлік қоғамды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және оның қызметін атқарудың тәртібін сақтау; акционерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар; акционерлік қоғам органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті мен қызметі; оның лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібі және олардың өкілеттігі мен жауапкершілігі туралы дауларды, сондай-ақ аталған қатынастардан туындайтын басқа да дауларды шешу кезінде соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК), «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларын басшылыққа алуы тиіс, олардың ережелерін дау туындаған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің ерекшеліктерін ескеріп қолданған жөн.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Заңда көрсетілгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері тікелей қолданылады.

2. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам), ал акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлға акционер деп танылады.

Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар, бірлесіп не жалғыз қоғам құрылтайшылары болуы мүмкін. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) Заңның 7-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку