«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 282 бұйрығы
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 282 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
Демо – версия документа