(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ІШКІ СУДА ЖҮЗЕТІН КЕМЕЛЕРДІ ЖӘНЕ «ӨЗЕ...
Осы редакция 2017 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 8-қосымша
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз»
суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң
тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті
(2016.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.15.02. № 187 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан - әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб порталы (бұдан әрі - портал).
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесі - шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа