(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САУДА САЯСАТЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫН...
«Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 Қаулысы
(2017.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) мүшелілігінің экономикалық салдарына талдау жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.30.10. № 679 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар қоғам қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы шеңберінде талдамалық, консультациялық, ақпараттық, техникалық қолдау көрсету;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
3) халықаралық сауда келіссөздеріне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық келісімдердің жобаларын әзірлеу кезінде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткізуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;
4) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде ортақ сауда режимiн құру және үшінші елдермен еркiн сауда аймақтарын құру туралы келісімдер жасау жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
5) халықаралық сауданың қазіргі заманғы жүйесі және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен ілімдерді тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің негізгі персоналының кәсіби деңгейін арттыру;
6) сауда саласында зерттеулер жүргізу.
Редакция документа
Демо – версия документа