2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Нұр-Сұлтан, 2019 ж. 29 мамырда)
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Нұр-Сұлтан, 2019 ж. 29 мамырда)
ҚР 2021 жылғы 15 ақпандағы № 9-VIІ Заңымен ратификацияланды
2021 жылғы 23 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың 3-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 321-бабының 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша):
1) 1) тармақша «мүше мемлекеттер басшыларының» деген сөздерден кейін «, мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2) тармақшадағы «үкіметтері басшыларының,» деген сөздер алып тасталсын;
Демо – версия документа