«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 753 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 753 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
110) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«110) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекітеді;»;
116-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«116-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 137-1) тармақшамен толықтырылсын:
«137-1) Қарулы Күштерде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;
138) тармақша алып тасталсын;
155) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«155) Қарулы Күштердің жұмылдырылуын өрістету қағидаларын бекітеді;»;
160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«160) Қарулы Күштерде әскери (корабльдік) шаруашылықты жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
161) тармақша алып тасталсын;
171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа