«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 109 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
«I. Жалпы ережелер» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.»;
«II. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комиссияның миссиясы, негізгі міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;»;
11) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) жаңа шақырылымды қалыптастыру кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының санына сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындайды;»;
28) және 28-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа