«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 481 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 481 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
1 «Ауыл шаруашылығы» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 007, 014, 016, 017, 018, 019, 020, 021, 024, 028, 029, 030 және 031 бюджеттік бағдарламаларымен қоса 737 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«737 Облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы
001 Жергілікте деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
002 Тұқым шаруашылығын қолдау
003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
004 Ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту
007 Ақпараттық жүйелер құру
014 Ауыл шаруашылығы таурларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау
016 Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз ету
017 Қазақстандық мақта талшығының және шитті мақта сапасын сараптау
018 Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру
019 Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер
Демо – версия документа