(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.19.05 № 361 БҰЙРЫҒЫ
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 маусымдағы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне ҚҚС есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленсін:
дизель отыны | - 1 литр үшін 99 теңге; |
Аи-80 | - 1 литр үшін 89 теңге; |
Аи-92/93 | - 1 литр үшін 108 теңге; |
2. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 67 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10222 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы № 35 (27911)) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
Редакция документа
Демо – версия документа