(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.31.12 № 1439 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1439 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкiлеттi органы болып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкiметiнiң
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1439 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа