«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 3 шілдедегі № 412 Қаулысы (күші жойылды)
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 3 шілдедегі № 412 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 363-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Шығармашылық емтихан бойынша 5-тен төмен балл (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа