«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 447 Қаулысы (күші жойылды)
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 447 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
2-1-тармақ алып тасталсын;
6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде нысаналы даярлау шеңберінде оқуға үміткер тұлғалардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлау жүзеге асырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ЖОО-ларда жүзеге асырылады.
7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 - 31 шілде кезеңінде жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға, докторантураға түсу емтихандары - 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10-15 тамыз кезеңінде жүргізіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Магистратураға түсуші адамдар - ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;
Документ утратил силу
Демо – версия документа