Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Санкт-Петербург қ., 2013 жылғы 20 қарашада)

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың

шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

 ХАТТАМА

(Санкт-Петербург қ., 2013 жылғы 20 қарашада)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 147 Қаулысымен бекітілді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. Ереженің 1-бөлімі мынадай терминдермен толықтырылсын:

«орталық кеден органы - Келісімге қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік құқықтық реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы билік органы;

орталық уәкілетті орган - Келісімге қатысушы мемлекет тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берген және осы мемлекеттің аумағында тауарлардың шығарылуын бірыңғай электронды сертификаттау жүйесін жүргізуді, сондай-ақ аталған жүйенің тиісінше жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыратын орган (ұйым);

уәкілетті орган - Келісімге қатысушы мемлекет СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификат беруге уәкілеттік берген орган (ұйым);

тауарлардың шығарылуын электронды сертификаттау жүйесі - Келісімге қатысушы тиісті мемлекеттің аумағында уәкілетті органдар берген СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың электронды нысандарының ақпараттық деректер базасын қамтитын Келісімге қатысушы мемлекеттің орталық уәкілетті органының ақпараттық жүйесі».

2. Ереженің 1-бөліміндегі «тауар легі» және «тауардың шығу тегі туралы сертификат» деген терминдер мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку