«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 224 Қаулысы (2018.28.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 224 Қаулысы
(2018.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.28.12. № 318 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында:
51-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тізілімдер журналы айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында және компьютерлік жүйе шеңберінде әрбір автоматтандырылған айырбастау пунктінде жеке-жеке жүргізіледі. Бұл ретте тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық-аппараттық құралдары күн сайынғы түзетілмейтін тіркеуді және жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз етеді.».
Документ утратил силу
Демо – версия документа