(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ ПОШТА ОПЕРАТОРЫ ҮШІН ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕ...
Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 Қаулысы
(2021.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.28.11. № 214 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.28.11. № 214 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық пошта операторы үшін мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:
1) меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,12 құрайды.
Меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық пошта операторының меншікті капиталының оның активтері сомасына қатынасы ретінде есептеледі;
2) өтімділік коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,30 құрайды.
Өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің шамасына қатынасы ретінде есептеледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.28.11. № 214 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық пошта операторының меншікті капиталы мыналардың:
материалдық емес активтердің;
өткен жылдардағы шығындардың;
ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып түсуі;
басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу сомалары шегерілген:
төленген жарғылық капиталдың (ақшалай төленген сомалар шегінде);
қосымша капиталдың;
Редакция документа
Демо – версия документа