«Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 178 Қаулысы (күші жойылды)
«Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 178 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1047 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 31, 178-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
11) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Міндетті аттестатталатын объектілер:
1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
2) мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе.
Осы тармақшада белгіленген талаптар қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа