(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
туризм жөніндегі кеңестің құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм департаментінің директоры, хатшы» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы»;
мына:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі» деген жолдар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Редакция документа
Демо – версия документа