Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 166 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 166 Қаулысы

(2022.03.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазҰМУ» КеАҚ) құрылсын.

2. «ҚазҰМУ» КЕАҚ қызметінің негізгі түрлері жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты», «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы», «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы», «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» (бұдан әрі - «ҚазОРҒЗИ» АҚ), «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» (бұдан әрі - «АГПҒО» АҚ), «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» (бұдан әрі - «ПБХҒО» АҚ), «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» (бұдан әрі - «КІАҒЗИ» АҚ) акционерлік қоғамдары болып қайта ұйымдастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық медицина университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҰМУ» АҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции