«Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 134 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
«Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 134 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) БНАЖ-ға қолжетімділікті ашу - БНАЖ-да есептік жазбаны құру жөніндегі іс-шаралар»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа