«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 495 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 495 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«474. Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 7), 16), 27), 29), 30), 33), 36), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып уәкілетті орган қалыптастыратын тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілердің тізімі (бұдан әрі - Тізім) бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 474-1, 474-2 және 474-3-тармақтармен толықтырылсын:
«474-1. Тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерді Тізімге енгізуді уәкілетті орган Тапсырыс берушінің немесе әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға 46 немесе 47-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осы тізімге енгізу туралы өтініші негізінде жүзеге асырады.
Өтінішке тапсырыс берушінің немесе әлеуетті өнім берушінің өкілеттіктерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Бұл ретте растау Заңның 39-бабы 3-тармағының тиісті негіздемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
474-2. Өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа