(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БУКМЕКЕР КЕҢСЕСІ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ ...
Осы редакция 2019 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.28.01. № 19 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
4-қосымша
«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.25.12. № 374 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.25.12. № 374 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Редакция документа
Демо – версия документа