«Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 23-НҚ бұйрығы
«Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 23-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығу тегін растайтын құжаттар тізімінде:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Сыртқы сауда келісімшартының (шарттың), шот-фактураның немесе шот-проформаның немесе тауардың қаржылық және (немесе) сандық параметрлерін көрсететін өзге құжаттың көшірмесі (жүк сол бір жүк жөнелтушіден екінші сол бір жүк алушыға баратын ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/мәмілелерін жүзеге асыру кезінде, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және (немесе) шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, шот-фактура немесе шот-проформа талап етілмейді).
Демо – версия документа