«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 313 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:
1) тармақша мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу.
Мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін хабардар ете отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады;
заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарау;»;
2) тармақшада:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа