(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.02.10 № 1513 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 және 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1513 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 190-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің филиалдары, облыстық бірлестіктер;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі бірлестіктердің республикалық филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер.»;
5-тармақта «(бұдан әрі - аккредиттеу органдары)» деген сөздер «(бұдан әрі - мемлекеттік органдар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта «аккредиттеу органы» деген сөздер «мемлекеттік органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «басылымдарында» деген сөзден кейін «не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында» деген сөздермен толықтырылсын;
«аккредиттеу органында» деген сөздер «мемлекеттік органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа