«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 399 бұйрығы
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 399 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл - ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«63. Ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың жобасын орналастырады.
Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінің мерзімі тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы және бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.
Демо – версия документа