«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 273 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастыруға қатысты негізгі қағидаттар мен тәсілдер» деген 5-бөлімде:
«5.3. ҚРҰҚ қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты» деген кіші бөлімде:
«ҚРҰҚ қаражатын пайдалану» деген тарауда:
екінші бөлік 3) тармақшасындағы «жабуға пайдаланылады.» деген сөздер «жабуға;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптардың төлемдері түрінде және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға пайдаланылады.
Демо – версия документа